Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын пайдалану тәртібі өзгерді

Қаракөз Амантай 17 апр. 2026 10:14

17 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді. Жаңа тәртіпке сәйкес, бұл қаражат енді тек ипотекалық несиенің негізгі қарызын жабуға ғана бағытталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұдан былай зейнетақы ақшасын банктің пайыздарын төлеуге, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдарды өтеуге пайдалана алмайсыз. Мұндай қосымша төлемдерді қарыз алушы тек өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін қолданыста болған талаптар бойынша зейнетақы жинағын несиенің негізгі сомасымен қатар, банк есептеген сыйақыны өтеуге де қолдануға рұқсат етілетін.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove