Ақорда Тоқаевтың жұмыс жоспарын жариялады

Сағыныш Сардарова 17 апр. 2026 13:04

Ақорда алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.

22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу. Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove