Қазақстандықтар жұмыс берушілер есебінен өмір бойы зейнетақы төлемін алады

Сағыныш Сардарова 17 апр. 2026 11:00

Қазақстанда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіліп, зейнетақы жүйесі кеңейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді зейнетақы үш көзден қалыптасады: мемлекеттен берілетін базалық төлем, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ және жұмыс берушінің аударымдары.

Бұл қосымша жарна азаматтарға өмір бойы төлем алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туғандар үшін маңызды. 2026 жылы мөлшерлеме қызметкер табысының 3,5 пайызы деңгейінде белгіленген, ал 2028 жылға қарай оны 5 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Қор мәліметінше, жаңа жүйе зейнетақы төлемінің тұрақтылығын арттырып, азаматтарға қосымша кепілдік береді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove