Павлодарда жасөспірімдер қатарластарын соққыға жығып, араша түскен ер адамға да шабуыл жасаған

Қаракөз Амантай 17 апр. 2026 13:11

16 сәуірде Павлодарда үй ауласында кәмелетке толмағандар арасында жанжал шыққан. Бақылау камераларындағы жазбаларға қарағанда, үш жасөспірім екі қатарласын ұрып-соққан. Оқиғадан кейін тараптар жан-жаққа тараған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Криминальный Казахстан" телеграм арнасының мәліметінше, кейін әлеуметтік желілерде осы жасөспірімдердің футбол алаңы маңында тағы бір баланы соққыға жыққан сәті түсірілген екінші видео тараған.

Оқиғаға бейжай қарамаған ер адам жанжалды тоқтатпақ болған. Алайда ол да соққыға жығылғаг. Жасөспірімдер оны қоршап алып, қорқытып-үркітіп, артынша аяусыз ұра бастаған.

Аталған жайтқа Павлодар облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove