1 млн АҚШ долларын алып кеткен: Германия алаяқтық бойынша күдікті шетелдікті Қазақстанға берді

Сағыныш Сардарова 17 апр. 2026 12:08

10 жыл бойы қашып жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған шетелдікті экстрадициялады.

Күдікті 2014 жылы адамдармен алдын ала сөз байласып, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсетемін деп қазақстандық кәсіпкерден 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатты алдап алған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

"2025 жылы қыркүйекте күдікті Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove