Ақтау әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған мас жолаушы рейстен түсірілді, деп хабарлайды Dala News.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, «Ақтау – Алматы» бағыты бойынша ұшатын әуе рейсінен 36 жастағы Алматы тұрғыны түсірілген.
Тексеру барысында әйелдің рейске тіркелу кезінде-ақ мас күйде болғаны анықталды. Ол айналасындағыларға балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Полиция қызметкерлері жолаушыны бөлімшеге жеткізіп, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Оған:
- қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін;
- ұсақ бұзақылық жасағаны үшін
25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері әуе кемелерінде 48 құқықбұзушылық тіркелген.
Олардың ішінде:
- 31 жағдай – алкоголь ішу немесе мас күйде болу;
- 8 жағдай – ұсақ бұзақылық;
- 4 жағдай – бортта темекі шегу;
- өзге де құқықбұзушылықтар бар.
