Илон Маск ЖИ кесірінен жұмыссыз қалғандарға өтемақы төлеуді ұсынды

Көркем Алдабергенова 17 апр. 2026 12:57

Илон Маск жасанды интеллекттің дамуы жұмыссыздықты арттыруы мүмкін екенін айтып, АҚШ үкіметіне азаматтарға тұрақты төлем енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, мемлекет адамдарға чек түрінде «жалпыға бірдей жоғары табыс» төлеуі тиіс. Бұл төлемдер жасанды интеллект пен роботтардың салдарынан жұмысынан айырылған азаматтарға өтемақы ретінде берілуі қажет.

Бизнесменнің пікірінше, жасанды интеллект пен робототехника тауарлар мен қызметтерді ақша массасының өсімінен әлдеқайда көп көлемде өндіреді, сондықтан инфляция болмайды.

Маск бұл идея арқылы технология дамыған заманда адамдардың табыссыз қалмауын қамтамасыз ету маңызды екенін меңзеді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove