Әскерде ұялы телефон қолдану тәртібі қайта қаралды. Қорғаныс министрлігі сарбаздар, курсанттар мен кадеттер үшін байланыс құралдарын пайдалану бойынша жаңа талаптарды енгізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство мәліметінше, тиісті бұйрыққа министр 30 наурыз күні қол қойған. Құжатта әскери қызметшілердің телефонды әкелу, алып шығу және қолдану тәртібі нақты белгіленген.
Жаңартылған ережеге сәйкес, енді сарбаздарға ұялы телефонды казармаға дейін өшірулі күйде алып келуге және қайта алып шығуға рұқсат берілген. Сонымен қатар олар байланыс құралдарын өз бөлімшесінің аумағында, яғни казарма ішінде, сондай-ақ әскери госпитальдар мен медициналық мекемелердің емдеу-диагностикалық бөлімдерінде пайдалана алады.
Айта кетейік, бұған дейін әскердегі сарбаздарға тек батырмалы телефондарды шектеулі уақыт ішінде ғана қолдануға мүмкіндік берілетін.
Ал жаңа тәртіп бойынша телефон қолдану уақыты әр бөлімшеде командирлердің шешімімен айқындалады.
