Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыруға тыйым салу жоспарланып отыр

Сағыныш Сардарова 17 апр. 2026 15:08

Алдағы уақытта ҰБТ бір реттік форматқа өтеді, ал педагогикалық мамандықтарға ойлау қабілетін тексеретін емтихандар енгізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесінде елеулі өзгерістер болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жүйе кезең-кезеңімен жаңартылмақ.

2027 жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар міндетті ауызша емтихандар енгізіледі. Негізгі назар тек білім деңгейіне емес, талапкерлердің сыни ойлауына, талдау қабілетіне және қарым-қатынас дағдыларына аударылады.

Осы мақсатта Admissions Insight Test атты жаңа халықаралық тест әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ны бір реттік әрі шешуші форматқа көшіру жоспарланған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove