Ақтөбе облысында жоғалған 4-сынып оқушысы өлі табылды

Сағыныш Сардарова 17 апр. 2026 16:03

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында із-түссіз жоғалған 2016 жылы туған баланың денесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖМ сүңгуірлері мәйітті Елек өзенінен, жағадан шамамен 3 метр қашықта, 1,5 метр тереңдіктен шығарған.

Еске салайық, 29 наурыздан бері 4-сынып оқушысы тәулік бойы іздестірілген еді. Ол үйінен шығып, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер, еріктілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Күн сайын сүңгуірлер 30-35 шақырым су айдынын тексеріп, жүзу құралдары арқылы 25-30 шақырым аумақ қаралған. Жаяу топтар 15-20 шақырым жағалауды шолып шықса, дрондар арқылы 10-15 шақырым жер бақылауға алынған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove