Қазақстанда «Әділет» атты жаңа саяси партия құруға құжаттар тапсырылды, деп хабарлайды Dala News.
Бұл туралы бастамашыл топ мүшесі, саясаттанушы Марат Шибутов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Әділет министрлігі партия құру туралы ниетке қатысты құжаттардың қабылданғанын ресми түрде растаған.
Хабарламаға сәйкес, құжаттар 2026 жылғы 16 сәуірде тапсырылған және олар «Саяси партиялар туралы» заң талаптарына сәйкес тіркелген.
Еске салайық, «Әділет» партиясын құру туралы бастама 15 сәуірде жарияланған болатын.
Партияның негізгі мақсаттары:
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
- «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын ілгерілету;
- жаңа Конституция негізінде қоғамдық мүддені қорғау.
Бастамашыл топ құрамына бірқатар танымал тұлғалар кірген.
Атап айтқанда:
- кәсіпкер Андрей Лаврентьев;
- Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектуров;
- «Әділ сөз» қорының президенті Карлыгаш Джаманкулова;
- Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
- сондай-ақ саясаттанушы Марат Шибутов және өзге де тұлғалар бар.
Айта кетейік, бұл әзірге партияны тіркеу рәсімінің алғашқы кезеңі болып табылады.
