Қазақстанда кафелердің 80%-ы жабылуы мүмкін

Самал Асқар 17 апр. 2026 19:02

Қазақстанның қоғамдық тамақтану саласы жаңа санитарлық талаптарға байланысты үлкен тәуекел алдында тұр, деп хабарлайды Dala News.
 
Салалық қауымдастық өкілдері денсаулық сақтау министрлігінен жаңа нормаларды қайта қарауды сұрады.
 
Олардың айтуынша, қазіргі талаптар бизнес үшін құқықтық және экономикалық қиындықтар туғызып, көптеген нысан үшін орындалуы мүмкін емес.
 
Қауымдастық мәліметінше, Қазақстанда шамамен 100 мың қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істейді.
 
Сарапшылардың бағалауынша, егер жаңа талаптар өзгеріссіз қалса, бір жыл ішінде осы нысандардың 80%-ына дейін жабылу қаупі бар.
 
Бұл тек мейрамханалар мен кафелерге ғана емес, сонымен қатар:
•жабдық жеткізушілерге;
•жиһаз өндірушілерге;
•ыдыс-аяқ және арнайы киім жеткізушілерге де әсер етуі мүмкін.
 
Қауымдастық жаңа талаптардың нақты еместігін де сынға алды.
 
Олардың пікірінше, құжатта:
•нормалардың нақты тізімі жоқ;
•талаптардың қай нысандарға қатысты екені түсініксіз;
•қолдану тәртібі нақты жазылмаған.
 
Әсіресе, жаңа ережелердегі:
•ғимараттарды жобалау мен пайдалануға беру талаптары;
•залдардың минималды ауданына қатысты нормалар
кәсіпкерлер арасында үлкен сұрақ тудырып отыр.
 
Сарапшылардың айтуынша, бұл талаптар:
•отырғызу орындарын азайтуы;
•табысты төмендетуі;
•әсіресе сауда орталықтарындағы және шағын форматтағы нысандарға соққы болуы мүмкін.
 
Осыған байланысты қауымдастық:
•даулы нормаларды уақытша тоқтатуды;
•талаптарды тек жаңа немесе қайта жаңартылатын нысандарға қолдануды;
•түсініксіз тұстарды нақтылауды сұрады.

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove