Президент: «БҰҰ-ға уақыт талабына сай келмейтін идеялар мен ұстанымдардан арылу қажет»

Ақтоты Жапатова 17 апр. 2026 19:31

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның тиімділігін арттыру және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып, ұйым қызметін жаңғырту мен превентивті дипломатияны күшейтудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Аталған Ұйымның негізі 80 жыл бұрын қаланды. Кейбір адамдар ұйым әбден ескірді, құлдырап бара жатыр деген пікір айтады. Келісуге тура келеді. Бізге БҰҰ Жарғысына мұқият мән берген жөн. Жарғыда «дұшпан мемлекеттер» деген ұғым бар. Рас, 80 жыл бұрын бәрі түсінікті еді. Ал қазір әлгі «жау елдер» Ұйымды қаржыландыру және бейбітшілікті қолдау ісінде маңызды рөл атқарып отыр. Ең бастысы – БҰҰ-ның беделін көтеріп, тиімділігін арттыру, – деді ол.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев превентивті дипломатияның қақтығыстарды тоқтатуда өте өзекті екеніне мән берді.

– Бұл тақырып бұрыннан талқыланып келеді, кемінде 30 жыл болды. Бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Жағдай ділмәр сөз, декларация күйінде қалып жатыр. Өңірлік және жаһандық шиеленістерді болжауға баса мән берген жөн деп ойлаймын. Превентивті дипломатия дегеніміз – осы. Сонымен қатар біз көпжақты тиімді дипломатияға қолдау көрсету үшін күш-жігерімізді біріктіру керек, – деді Қазақстан Президенті.

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove