Перизат Қайраттан тәркіленген пәтерлер тұрғын үй қорына берілуі мүмкін

Қаракөз Амантай 17 апр. 2026 17:34

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі тәркіленген пәтерлер әкімдік балансына қабылданған жағдайда, олар қаланың тұрғын үй қорына өткізілуі мүмкін. Бұл туралы елордадағы Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Bes.media-ға сілтеме жасап.

Перизат Қайраттан Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары тәркіленген. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің дерегінше, аталған нысандар әкімдік балансына берілуі тиіс.

Алайда Астана әкімдігі әзірге бұл пәтерлерді қабылдау туралы ресми құжат алмағанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта Астана қаласы Әділет департаментінен Перизат Қайратқа қатысты тәркіленген пәтерлерді қабылдау жөнінде басқармаға хат түскен жоқ. Мұндай хат келіп түскен жағдайда, мүлік бағаланып, кейіннен Астана қаласының тұрғын үй қорына беріледі", – делінген басқарма жауабында.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove