Мемлекеттік бюджет кірістері 17%-ға өсті, бірақ нюанстар бар

Көркем Алдабергенова 17 апр. 2026 16:34

Мемлекеттік бюджет кірістері 17%-ға өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметінше, трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджет кірістері 6,4 трлн теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 931 млрд теңгеге артық.

Республикалық бюджет 102%-ға орындалып, қазынаға 4,2 трлн теңге түскен.

Кіріс бөлігіне сыртқы факторлар айтарлықтай әсер еткен. Мұнайдың орташа бағасы барреліне 80,6 доллар болған жағдайда экспорттық кедендік баж салығы есебінен қосымша 40,5 млрд теңге түскен.

Сонымен қатар, теңгенің нығаюы да әсер етті. Нақты курс 497,7 теңге деңгейінде қалыптасып (болжам – 540 теңге), бұл республикалық бюджетке түсетін түсімдерді 146 млрд теңгеге шектеген.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove