Алматыда екі автобус жол апатына ұшырады, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жол апаты 17 сәуірде сағат 12:00 шамасында болған. Алдын ала мәліметке сүйенсек, №15 бағыттағы автобус Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесінің қиылысында солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
"Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Қазір аудандық полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп жазылған хабарламада.
