Түркістан облысында кеспе «Wai-wai» брендімен шығарылады

Dalanews 21 дек. 2018 06:17 735

«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушы директоры Баян Каюпованың айтуынша Түркістан облысында кеспе «Wai-wai» брендімен шығарылады.

«CG Foods Central Asia» компаниясы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерде сатылым нарығын қалыптастырған, сонымен қатар, корпорацияның өнімі Үндістан нарығының 60% -ын қамти алады. Әлеуетті тұтынушылар саны шамамен 200 миллионға жуық адамды құрайды, бұл – өте үлкен көлемді нарық. Түркістан облысында кеспе «Wai-wai» брендімен шығарылады, ол тай тілінен аударғанда «тез-тез» деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұтынушылар үшін өнімнің маңызды тұсы – барлық өнім халал болады", – дейді ол.

Инвестициялық жобаны қолдау аясында «TURKISTAN INVEST» компаниясының ұжымы инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды жасады.

Құжаттарды дайындаудан бастап жерге қатысты, техникалық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге дейін бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетуде.

— Жобаны іске асыруда жергілікті биліктің көмегі өте үлкен, сол үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мырзаға, сондай-ақ, әкімнің орынбасары Ербол Тасжүреков мырзаға алғысымды білдіргім келеді. Әрқайсысының қабылдауында болдым, әрдайым менімен байланыста, жоба барысында туындаған мәселелер тез арада шешілуде. Бұл мен үшін үлкен құрмет. «TURKISTAN INVEST» компаниясының ұжымы барлық қажетті құжаттарды дайындауда кəсіби біліктілігімен ерекшеленді. Шынымды айтсам, шетелде жүргенім сезілмейді, берік серіктестер, тіпті достар секілді болып кеттік. Бизнесте ең басты дүние бұл – сенім, ол адал серіктестік құруда және оны ары қарай сәтті дамытуда өте маңызды, — деп «CG Foods Central Asia» компаниясының бас директоры Кишор Лодха өз кезегінде облыс әкіміне алғысын жеткізді.

Жоба аясында 100-ден астам жұмыс орны құрылады, осыған орай жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарлануда.

 

Рекомендовать
Последние новости