Тимур Құлыбаевтың жылжымайтын мүлкін басқаратын “Mercury Properties” ЖШСқұрылтайшыларының құрамынан кәсіпкердің ұлы Алтай Асқар шығып, оның орнына жұбайы Динара Құлыбаева енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Mercury Properties” компаниясының жылдық табысы 27 миллиард теңгені құрайды. Бұл Тимур Құлыбаевты Қазақстандағы ең ірі жылжымайтын мүліктен пайда көретін кәсіпкерлердің біріне айналдырады.
“Курсив” басылымы компанияның басқаруындағы нысандар тізімін ұсынды. Олардың қатарында Алматыдағы Moskva, Promenade, Globus сауда орталықтары мен басқа да көптеген нысан бар.