Алматыда жеке тұрғын үйден өрт шықты

Ақтоты Жапатова 27 сент. 2025 11:46

27 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласы Алатау ауданы Самғау шағынауданында өрт оқиғасы тіркелді. Сағат 08:30-да Ұлан көшесіндегі жеке тұрғын үйдің өртенгені жөнінде ТЖД-ға тұрғындардан төрт хабарлама түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Оқиға орнына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникасы жедел жіберілді. Қызыл жалын шаруашылық құрылыстарды, бір қабатты тұрғын үйді және уақытша салынған нысандарды шарпыған", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттардың тығыз орналасуы мен ағаш материалдарының көптігі қиындатқан. Бұл көрші үйлерге оттың таралу қаупін күшейткен. Дегенмен, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жанған аумақтағы шаруашылық құрылысының бір бөлігі мен көршілес тұрғын үйлерді аман сақтап қалу мүмкін болды.

"Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 09:23-те оқшауланып, 09:36-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деді Алматы қаласы ТЖД.


Рекомендовать
Последние новости