Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше адамды қызметінен босатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.
Ернар Жеңісұлы Баспаев та Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.