Қазақстанда латын графикасына көшу жұмысы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айтуынша, қазірге дейін әліпбидің бірнеше нұсқасы әзірленген. Дегенмен тіл мамандары лингвистер, филолог-ғалымдар әлі ортақ мәмілеге келмеген.
“Бұл жұмыс біздің министрлік арқылы атқарылып келеді. Әліпбидің әр нұсқасын сараптау барысында ғылыми-фонетикалық, орфографиялық тұрғыдан ғана емес, экономикалық және цифрлық салдарлары да қарастырылуда. Себебі құжат айналымын, көше атауларын және басқа да жазбаларды жаңа әліпбиге көшіру үлкен шығынды талап етеді”, – деді министр.
Саясат Нұрбектің сөзінше, ең бастысы – асығыс шешім қабылдамай, барлық факторды ескере отырып, дұрыс нұсқаны бекіту.
“Сәл сабыр сақтауларыңызды сұраймын. Жұмыс жалғасып жатыр, жақын арада қосымша ақпарат берілетін болады. Ең маңыздысы – ғылыми топтың жұмысын толық аяқтауға мүмкіндік жасау”, – деп түйіндеді министр.