АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесу барысында соғысты барынша қысқа мерзімде тоқтатуға ниетті екенін жеткізген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы украиналық шенеунік пен өзге де дереккөздерге сілтеме жасаған Axios жазды.
Басылым дереккөзіне сәйкес, Зеленский әңгіме кезінде қақтығыс биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін деген үмітін білдірген.
Екі ел басшысы 25 ақпанда телефон арқылы сөйлескен, әңгіме шамамен 30 минутқа созылған. Axios мәліметінше, келіссөз достық әрі оң атмосферада өткен. Украина тарапының өкілі мен тағы бір дереккөз Зеленскийдің Трампқа көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс айтқанын және Кремльді соғысты тоқтатуға тек АҚШ қана мәжбүрлей алады деген пікір білдіргенін хабарлады.
