Ақпанның аяғында ауа райы қандай болады?

Сағыныш Сардарова 26 февр. 2026 07:00

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аяз болады, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады, кей жерлерде жауын-шашын көп жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейіп, көктайғақ байқалады. Республика бойынша тұман түседі.

"28 ақпанға қарай оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10-17 градус аязға дейін төмендейді, Түркістан облысында 2-10 градус аяз болады", - деді синоптиктер.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove