Қазақстанға әскери мақсаттағы қозғалтқыштарды заңсыз әкетпек болған күдікті ұсталды

Қаракөз Амантай 26 февр. 2026 16:23

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Қазақстанға әскери мақсатта пайдаланылуы мүмкін қозғалтқыштарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Қорған облысы бойынша ФСБ басқармасының материалдары негізінде Тюмень кеденінде қылмыстық іс қозғалған. Күдікті - Мәскеу облысының тұрғыны.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол делдал арқылы Қорған облысынан тоғыз дизель қозғалтқышын сатып алып, оларды Қазақстанға жөнелтпек болған. Алайда жүк "Петухово" халықаралық автокөлік өткізу бекетінде тексеру кезінде қолға түсті. Қозғалтқыштар тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалданғандықтан, тәркіленді.

ФСБ дерегінше, аталған қозғалтқыштар техникалық сипаттамаларына байланысты әскери немесе қару-жарақ техникасын жасауға қолданылуы мүмкін жабдық санатына жатады. Соған қарамастан, кәсіпкер экспортқа қажетті лицензияны рәсімдемеген және жүктің сараптамалық бақылауға жататынын декларацияда көрсетпеген.

Осыған байланысты күдіктіге қосарланған мақсаттағы тауарды контрабандалау бабы бойынша айып тағылды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубльге дейін айыппұл қарастырылған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove