"Бұл мәселені трагедияға айналдырудың қажеті жоқ". Жапаров Тәшиевпен арадағы жағдайға пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 26 февр. 2026 15:15

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген кезекті сұхбатында МҰҚК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевпен арадағы жағдайға қатысты қоғамда туындаған алаңдаушылыққа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Садыр Жапаров бұл жағдайды трагедия ретінде қабылдамауға шақырды. 

"Ештеңе болмайды. Бұл мәселені трагедияға айналдырудың қажеті жоқ. Бұрынғыдан да жақсы болады. Өмір тоқтап қалмайды. Бір дос кетсе, артымда 7 миллионнан аса досым бар. Мен үшін ең қымбаты - халық пен қасиетті мемлекетіміз", - деді Жапаров.

Қырғызстан президентінің сөзінше, ел экономикасының өсу қарқыны арта береді, ал ішкі және сыртқы саясат бұрынғы бағытта жалғасады.

Сондай-ақ, ол халықтың тыныштығын бұзған кез келген адам қатаң жазаға тартылатынын ескертті.

Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove