Табысы төмен отбасыларға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріле ме?

Сағыныш Сардарова 26 февр. 2026 17:33

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ, белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

"Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмаған. Мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар жеке дерекке қол жеткізу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәлімет тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында жарияланады. Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", - деп жазылған хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove