Ресейлік пропагандист Тигран Кеосаян қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 26 сент. 2025 16:12

Тигран Кеосаян тоғыз ай комада жатып қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Mash телеграм арнасы хабарлады. 

Режиссер әрі тележүргізуші қаңтар айында клиникалық өлімді бастан өткеріп, содан бері есін жимаған еді. 

Кеосаянның денсаулығына қатысты жағдайды жұбайы Маргарита Симоньян тұрақты түрде хабарлап отырды. Ол 2024 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен. Бұған дейін, 2008 және 2010 жылдары режиссер екі рет инфаркт алған. Дәл жүрек аурулары оның комаға түсуіне себеп болған.

Айта кетейік, Dala inside телеграм арнасы пәле іздеген пропагандистің кураторатын тапқан болатын. 


Рекомендовать
Последние новости