Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев 2025 жылы 24 қыркүйекте АХҚО-да Treasure Limited атты жаңа компаниясын тіркеді. Оның қызметінің негізгі түрі - холдингтік қызмет, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны -жеке компания. Астанада орналасқан, компанияның басшысы Кирилл Довганюк болып табылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кеңес Рақышев Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені рейтингісінде 23-ші орында тұр, оның 2025 жылғы мамырдағы жағдай бойынша байлығы 435 млн долларға бағаланады. Сондай-ақ ол Fincraft Group арқылы "БТА" АҚ және Fincraft Resources-қа ие. Қаржылық топтың мұнай-газ секторы және венчурлық инвестицияларда да үлесі бар. Мәселен, қыркүйек айында Рақышевтың Fincraft Group арқылы 26,95% үлесін бақылайтын Tethys Petroleum Limited мұнай-газ компаниясын сатып алуға ниетті екені белгілі болды.