“Қазпошта” АҚ АҚШ-қа тауар салынған сәлемдемелерді уақытша жеткізуді тоқтатты

Қаракөз Амантай 25 сент. 2025 12:47

"Қазпошта" АҚ АҚШ-қа тауар салынған сәлемдемелерді қабылдауды және жеткізуді уақытша тоқтатты. Мұндай шешім 2025 жылдың 26 тамызында АҚШ шекаралық-кеден қызметі енгізген жаңа тәртіпке байланысты қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2025 жылдың 26 тамызындағы АҚШ шекаралық-кеден қызметінің шешіміне сәйкес, "Қазпошта" АҚ АҚШ-қа тауар салынған сәлемдемелерді қабылдауды және жеткізуді уақытша тоқтатады", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегі тәртіппен жалғасады.

Компанияның мәліметінше, жаңа ережелер әлемдегі көптеген елдерден жөнелтілетін халықаралық поштаға қатысты қабылданған. Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің ішінде тек бес ел ғана АҚШ-қа тауарлық сәлемдеме жібере алады.

"Қазпошта" серіктестерімен тұрақты байланыста болып, қызметті тезірек қалпына келтіру үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Туыстарымыз бен клиенттерімізге келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – делінген компания хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости