Домбыраның орны - төр: Маңғыстау әкімі қызметкерлеріне ескерту жасады

Көркем Алдабергенова 26 сент. 2025 20:16

Маңғыстау әкімі Нұрдәулет Қилыбай домбырашыларды төрге шығару керегін айтып, қызметкерлеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңір әкімі әуелі домбырашылармен амандасып, артынша өнер адамдары төрде отыруы керегін айтады. 

"Мен жүрген жерде, өтініш, жігіттер табалдырықтың алдында отырмасын. Бұлардың орны - қасиетті сахнаның төрі. Біз алып есіктің алдына "байлап" қоямыз. Егер ақшаға келісіп келсе жақсы. Ал мынандай форумдарда қазақтың домбырасының орны - төр. Мен бар кезде солай болсын, өтініш", - дейді өңір әкімі. 

Айта кетейік, оқиға бүгін, 26 қыркүйекте VIII сайланған Маңғыстау облысы мәслихатының кезекті XXII сессиясының алдында болған. Мәслихат депутаттары облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың 2025 жылдың 8 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдаған. 


Рекомендовать
Последние новости