Kaspi Bank 2024 жылға үшінші мәрте дивидент төлеу туралы шешім қабылдады: 1 акция=4900 теңге

Кәмшат Тілеухан 25 сент. 2025 14:32

Kaspi Bank акционерлерінің жалпы жиналысында өткен жылдың қорытындысы бойынша 2024 жылға үшінші рет дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды. Осылайша банк акционерлері бір қарапайым және бір артықшылыққа ие акция үшін  4 900 теңге алатын болды. 2025 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша, бүгіндері 18,3 млн жай және 372 мың артықшылыққа ие акциялар айналымда жүр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы тұрғыдан есептесек, банк акционерлерге дивидент ретінде 91,7 млрд теңге төлемек.

Банк 2024 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы екі дивиденд төлемін сәуір және маусым айларында жүргізді. Ол кездердегі "бонус" мөлшері 2000 теңге және 1070 теңге болды. Бұл банк қожайындарының 57,5 млрд теңге дивиденд алғанын білдіре алады. Үшінші төлеммен бірге есептегенде, 2024 жылға Kaspi Bank төлеген дивидендтердің жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрамақ. 2024 жылдың қорытындысы бойынша банк 530,8 млрд теңге таза пайда тапты. Осы уақытқа дейін дивидендтерге аталған соманың 28%-ы бағытталды. 

Kaspi Bank-тің негізгі акционерлері: Baring Vostok Funds – 24,42%; Михаил Ломтадзе – 22,37%; Вячеслав Ким – 21,18%; жария инвесторлар - 28,42%; банк менеджменті - 3,61%. 


Рекомендовать
Последние новости