Алматының тау бөктерінен өрт шықты

Көркем Алдабергенова 26 сент. 2025 22:35

Алматының тау бөктерінен өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz

ТЖД мәліметінше, Бостандық ауданында таулы аймақта шыққан өртті сөндіруге жедел жиынтық күштері мен құралдары жіберілді.

Бүгін сағат 18:43-те Бостандық ауданы, Ерменсай ықшамауданындағы таудың етегінде жанған құрғақ шөпті сөндіруге жедел жасақ жұмылдырылған. 

Өртті сөндіру келесі факторларымен күрделенуде:
— оттың жылдам таралуына себепкер болған қатты жел
— таулы аймақтың күрделі бедері
— және түнгі уақыттың түсуі

Құтқару бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.


Рекомендовать
Последние новости