"ҚТЖ" төрағасы Нұрлан Сауранбаев ай сайын 1 миллион теңге жалақы алады

Көркем Алдабергенова 15 февр. 2024 14:43 2323

"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Менің жалақым - 1 млн теңге. (Менеджерлердің) жалақысы коэффициентпен есептеледі.

Оларда балдық жүйе бар. Сондықтан менеджерлердің жалақысы әртүрлі. (Нақты) соманы айта алмаймын. ("ҚТЖ" АҚ) басқарма мүшелеріне сыйақы төленбейді. Алайда жылдың соңында оларға бонус төленеді. Қазір нақты санды айта алмаймын. Бірақ біз бұл деректі жариялаймыз", - деді Нұрлан Сауранбаев Сенаттың жалпы отырысынан соң журналистерге.

Айта кетейік, Нұрлан Сауранбаев 2021 жылдың сәуірінде ҚТЖ төрағасы болып тағайындалған еді. Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.

Еске салайық, күні кеше Қаржы министрі Мәди Такиев жалақысын жария еткен болатын. Министрдің сөзінше, ол шамамен 1,5 миллион теңге жалақы алады. 


Рекомендовать
Последние новости