Желіде Дикий Арманға ұқсайтын адам судьяға қоқан-лоқы көрсеткен видео тарады

Сағыныш Сардарова 15 февр. 2024 11:07 3381

Әлеуметтік желіде Арман Жұмағалиевке ұқсайтын адам судьяға қарата қорлайтын сөздер айтқан видео тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап. 

"Сен заң бойынша сөйле, мен өз дінім үшін өлтіремін және өлемін", - дейді видеода Жұмағалиевке ұқсайтын адам.

Ол бұдан бөлек те әртүрлі қорлайтын сөздер айтады. Жауап ретінде келесі адам микрофонды өшіруді талап етеді. Алайда кейінірек бұл видео Telegram-арнадан өшірілген.

Айта кетейік, бұған дейін қаңтар оқиғасынан кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған полковник Руслан Ысқақов «Новая Газетаға» шын мәнінде не болғанын баяндады. Ол Дикий Арман шын мәнінде Самат Әбіштің бұйрығын орындағанына сенімді.

Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасына байланысты өткен сот отырыстарының бірінде ол Самат Әбіштің бұйрығын орындағанын айтқан болатын.  Әбіштің бұйрығымен Ысқақов Арман Жұмагелдиев – Дикий Арманды бұл іске тартқан көрінеді. Жұмагелдиев қылмыс әлеміне қатысы бар және Назарбаевтар әулетінің тапсырмасын орындаушы ретінде белгілі.


Рекомендовать
Последние новости