"Тығып же, елге көрсетпе" дей ме?" Депутаттарға өткізілген тренинг талқыға түсті

Сағыныш Сардарова 15 февр. 2024 09:54 1842

Әлеуметтік желіде мәслихат депутаттарына қатысты қызық видео тарады. Депутаттарға халық алдында өзін қалай ұстау керек екені жөнінде кеңес берілген. Яғни "қалай миллиардерден миллионер" болып көріну жолдары айтылады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

egovpress Telegram-арнасы бұл туралы былай жазды: "Бізде ғана мәслихаттың сүйікті депутаттары үшін халық алдында қалай қарапайым көріну керек екені туралы семинарлар өткізіледі. Былайша айтқанда, миллиардерлерге өзін миллионер ретінде ұстауды үйретеді. Қазақстандағы ең танымал партияның логотипіне назар аудармаңыз".

Азаттық радиосы мәліметінше, бұл видео Алматы облысында түсірілген. Депутаттарға pr маманы әлеуметтік желіде қалай жұмыс істеу керек екені туралы семинар өткізген. Одан бөлек сағат, костюм, сақина секілді элементтерге де көңіл бөлген. 

"Ана үйлер қирап жатыр. Range Rover-мен келсең, негатив қой. ...Жамбыл ауданы бар ма? Сонда әкімдердің сайлауында Land Cruiser-мен жүрген. У-шу болды ғой. ...Range Rover-мен барсақ, қабылдамайды ғой. Сондықтан автокөліктерге көңіл бөлу керек", - дейді видеодағы адам. 

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

"Сонда “Тығып же, елге көрсетпе” дей ме, мақсаты не?", "Ұрлаңдар, бірақ халыққа көрсетпеңдер ма дегені?", "Халық ақымақ, жай көлік мініп барса, галстуксыз барса, бірнәрсе өзгере ме? Одан да пиғыл ниеттеріңді халыққа қарай туралаңдар деп үйретсін", - деп жазды олар.


Рекомендовать
Последние новости