Алматыда шенеунік алаяқ деген күдікке ілінді

Сағыныш Сардарова 09 февр. 2024 16:56 4015

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ басшысының орынбасарына қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.

"Шенеунік алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Ол алдау арқылы аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасау сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшасын иемденген. Күдікті үй қамағына алынды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.


Рекомендовать
Последние новости