Антикор Қайрат Сатыбалдыұлынан мемлекетке 44 млрд теңге қайтарды

Сағыныш Сардарова 08 февр. 2024 09:36 4389

Антикор мемлекетке қосымша 44,6 млрд теңге қаражатты қайтарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылған.

"Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, Антикор төрағасы А. Жұмағали ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізген.

 


Рекомендовать
Последние новости