Ақорда Тоқаевтың кеңесшісі коронавирус жұқтырғанын растады

Көркем Алдабергенова 08 февр. 2024 08:46 2066

Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырып алды. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі. 

"Президенттің кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың ПТР-тест сынамасы оң шыққанын және денсаулығына байланысты демалыста екенін растаймыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болған еді. 

 

 


Рекомендовать
Последние новости