Қазақтарды қорлады деген күдікке ілінген Алика Мұхамадиева сотта кешірім сұрады

Көркем Алдабергенова 03 нояб. 2025 12:47

Қарағанды қалалық сотында қазақ халқын қорлады деген күдікке ілінген Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша соңғы сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Qaz365 мәліметінше, сотта Алика соңғы сөзін айтты. 

«Өте қатты ұялып тұрмын. Өз кінәмді толық мойындаймын. Айтқан сөздерім үшін өкінемін және барша қазақ халқынан кешірім сұраймын. Менің кішкентай қызым бар, соны ескерсеңіздер деймін. Бұрын мақсат қуып жүріп, ең маңыздысын жоғалтқанымды енді түсіндім. Қызымды құшағыма алу үшін бәрін беруге дайынмын», – деді Мұхамадиева.

Еске салсақ, 2025 жылдың жазында Threads әлеуметтік желісінде Алика Мухамадиева салған постардың қазақстандықтарға қатысты қорлайтын сөздер бар деген шағымдардан кейін тергеу нысанына айналды. Шілде айында ол қамауға алынып, іс материалдары тергеу органдарына жолданған болатын.

Кәсіпкер бұған дейін кінәсін ішінара мойындап, айтқан сөздері контекстен үзіп алынғанын мәлімдеген еді. Ол көпшіліктен кешірім сұрап, ешкімнің намысына тиюді мақсат етпегенін атап өткен.

Прокурор Мұхамадиеваны 4,5 жылға соттауды сұраған. 


Рекомендовать
Последние новости