Түркістан облысында газ жарылып, үй қирап қалды

Сағыныш Сардарова 31 окт. 2025 09:05

Түркістан облысында газ жарылып, үй қирап қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша Отырар ауданында тұрғын газға өз бетінше қосылған. Осының салдарынан жарылыс болған. Бұл туралы "QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі үйде болған. Жарылыстан бір адам жарақат алып, бірнеше пәтерге зақым келген.

Қазір газ беру уақытша тоқтатылып, желілерді тексеру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости