Қазақстанның болашағы Трампқа байланысты ма?

Көркем Алдабергенова 09 сент. 2024 11:54 9449

Қазақстанның болашағы Трампқа байланысты. Бұл туралы сарапшылар айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұнай және газ саласы туралы жазатын сарапшылардың сөзінше, Трамп егер президент сайлауында жеңіске жетсе, мұнайды 40 доллардан сатып, Украинадағы соғысты тезірек тоқтатуға уәде берген.

«Бұл Қазақстанға теріс әсер етеді. АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Нью-Йорктегі экономикалық клубта сөйлеп, Украинадағы әскери жағдайды тез реттейтінін айтты. Трамп президент болғаннан кейін  12 айдың ішінде энергия бағасын екі есе төмендетуге уәде етті. Ал Путин мұнай 40 доллардан болса соғыса алмай қалады дейді Трамп. Егер ол уәдесінде тұрса бұл Қазақстан үшін катастрофа болмақ», - делінген жазбада.

Айта кетейік, 2025-2027 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының үкіметтің тамыз айының соңында бекітілген болжамында республикалық бюджет орташа 75 доллардан баррель бағасына сүйене отырып қалыптасады.

Мұнай өндіруші компаниялар қазақстандық бюджеттің үштен бір бөлігін алып отыр.

Әзірге Араб шейхтері Трамптың бұл мәлімдемесіне қалай жауап беретіні белгісіз.


Рекомендовать
Последние новости