"Қосымша жабдық сатып алуға мәжбүрлеген". Дилерлік орталыққа 88 млн теңге айыппұл салынды

Кәмшат Тілеухан 23 дек. 2024 15:36 215

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тексеріс нәтижелерімен келіспеген компания дауласып, ақыры Жоғары сотқа дейін барған. Алайда бұл арада да оның тауы шағылды. Енді тұтынушыларын қымбат бағаға қосымша жабдық сатып алуға мәжбүрлеген Алматыдағы Toyota Tsusho Kazakhstan Аuto дилерлік орталығы 88 млн теңге айыппұл төлейтін болды, деп жазады Dalanews.kz.

Алматыдағы құзырлы органның тергеп-тексеру барысында 2020-2021 жылдары "Toyota Tsusho Kazakhstan Auto" ЖШС-і сатылған автокөліктердің 82%-дан астамына қосымша жабдық орнатуды сатып алушыларына мәжбүрлі түрде міндеттегені белгілі болды. Мұндай жабдықтар құны 3 млн теңгеге дейін жеткен, ал кейбір санаттар бойынша үстеме баға 200%-дан асып кеткен.

"Осылайша, жаңа автокөліктерді сату кезінде қосымша жабдықтарды мәжбүрлі түрде ұсыну тәжірибесі  қалыптасқан. Тергеу нәтижелерін 2024 жылдың соңында ҚР Жоғарғы соты заңды деп таныды", делінген хабарламада.

Алматы қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен жаңа жеңіл автокөліктерді сату кезінде клиенттерге қосымша жабдықтарды мәжбүрлеп ұсыну фактілері бойынша компанияға монополистік қызметтен түскен табыс (пайда) көлемінің 5%-ы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Ақшалай түрде айыппұл сомасы 88 млн теңгені құрады.

Бірінші инстанция сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылғы 11 қарашада БҚДА-ның автодилерлерге қатысты анимонополиялық шаралар қабылдағаны белгілі болды


Рекомендовать
Последние новости