“ҚазАвтоЖол” компаниясы өз жұмысын өзі бақылап отыр — депутат

Қаракөз Амантай 23 дек. 2024 12:09 210

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов автомобиль жолдарының жағдайына жауапты ұйымдардың қызметін сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттің толық үлесіне тиесілі “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы бірден екі міндетті қатар атқарады. Бұл – жолдарды салу және олардың сапасын бақылау.

"Олар өздері жол салып, өз жұмысын өздері қадағалайды. Мұндай жүйе мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде тиімсіз", – деді Сабильянов.

Сонымен қатар депутат Жол активтері сапасының ұлттық орталығына қатысты да мәселелерді атап өтті.

"Орталық жобаларға сараптама жасайды, құрылысқа ұсыныстар береді және мердігер ұйымдардың кемшіліктерін анықтайды. Мұндай функцияларды бір мекеменің атқаруы дұрыс емес", - деп қосты ол.

Сабильянов жергілікті техникалық қадағалау қызметтерінің жұмысы да талапқа сай емес екенін жеткізді.

"Бұл қызметтердің жұмысы көбіне формальды түрде орындалады, ал жолдардың сапасы үлкен сынға ұшырап отыр", – деп түйіндеді ол.


Рекомендовать
Последние новости