Мұғалім министр Бейсембаевты сынап, орнын босату керегін айтты

Көркем Алдабергенова 23 дек. 2024 17:10 201

Facebook әлеуметтік желісінде қазіргі Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атқарып жатқан жұмыстарына көңілі толмайтын мұғалім саны күн санап көбейіп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Белсенді ұстаз Маржан Алыпқараева әлеуметтік желідегі парақшасында министрді сынап, жазба жариялаған.  

"Ғани Бейсембаев мырза! Жаңа стандартты қандай оймен талқылауға қойдыңыздар? Жаңардық, үштілдендік, нысанаға алындық. 36 аптаға көше тұрып 34 аптаға қайта көштік. Алтын белгілерді жинап алып емтихан алуды қайта мектептерге алып келдік.
40 минут өтсек болады, бірақ демалыс кездерінде толықтыру керек дедік. Тағы не қалды?!  Жазғы демалыста Астанаға барып келген әріптесім "Маржан, сенің Дана Игибай екеуіңнің өткен кіріктірілген сабақтарыңды (9-сыныптың алгебрасы мен дене шынықтыруды) министрлікте көрсетіпті"- деп айтқанында енді министрліктен не күтер екенбіз деген едім, көп күттірмей жаңа СТАНДАРТ шықты.
 
Менен ұсыныс: алгебра мен дене шынықтыруды, химия мен қазақ тілді, математика мен еңбекті, т.б. да осылай кіріктіруге болады! Жақсы идея екі мұғалім бір сыныппен жұмыс жасайды. Сол семинардың мақсатының өзі қисынсыз (обсурд) еді. Мұғалім - шебер, барлық жағдаяттан шығатын жол таба береді екен деп, кез-келген жаңа Стандарт ойлап тауып тыға беруге болмайды", - деп жазды мұғалім. 
 
Мұғалім министрге жаңа стандарт енгізгенше "орнын босатқан дұрыс" екенін айтты. 

Рекомендовать
Последние новости