Алматы облысында Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Сұңқар» кешен пайдалануға берілді

Жарбол Кентұлы 28 нояб. 2024 12:43 387

Алматы облысының негізгі автомагистральдарында 11 заманауи «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бұл жоғары технологиялық жүйелер Алматы-Көкпек-Көктал, Алматы-Шелек-Қорғас және Алматы-Өскемен трассаларында орнатылған. «Сұңқар» кешендері жол жағдайын тәулік бойы бақылауға арналған.

Олар жылдамдық режимінен асып кетуді, жол қозғалысы ережелерін бұзуды және жүргізушілердің басқа да қауіпті әрекеттерін тіркейді. Енгізудің мақсаты –апаттылықты азайту, көлік жүргізу мәдениетін арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов.

Жүйе ажыратымдылығы жоғары камералар мен бағдарламалық жасақтаманың көмегімен бұзушылықтарды түсіру арқылы автоматты түрде жұмыс істейді. Алынған мәліметтер бірыңғай базаға жолданады, онда олар өңделеді және жүргізушілерді жауапкершілікке тартуға негіз болады.

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты басымдығымыз. «Сұңқар» сияқты технологиялар қозғалысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қорғай отырып, тиімді әрі жедел әрекет етуге көмектеседі, – деп толықтырды Еркебұлан Ахметов.

 


Рекомендовать
Последние новости