"Астана көш бастап тұр". Қараша айында инфляция 10 өңірде қарқын алды

Кәмшат Тілеухан 18 дек. 2024 09:42 682

2024 жылдың қараша айында елімізде жылдық инфляция баяулап, 8,4 құрады (қазанда – 8,5%). 10 өңірде жылдық инфляция қарқын алды, 9 өңірде баяулап, бір өңірде өзгеріссіз қалды, деп жазады Dalanews.kz

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.

Қарашада азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,4%-ға дейін жеделдеді (қазанда – 4,9%). Осы топтағы тауарлар бағасы Жетісу облысында (7,9%) барынша жоғары, ал Түркістан облысында (3,2%) мейілінше төмен өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,0%-ға дейін жеделдеді (қазанда – 7,8%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,3%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,1%) тіркелді.

Қарашада ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,3%-ға дейін баяулады (қазанда – 14,3%). Сонымен қатар жалпы республикалық деңгейден баға Астана қаласында (16,2%) біршама жоғары, Түркістан облысында (9,4%) айтарлықтай төмен өсті.

Қарашада ел бойынша айлық инфляция 0,9%-ға өсті, бұл – бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы қазанда – 0,8%).


Рекомендовать
Последние новости