Министр Ербол Мырзабосынов 100 күндік қызметін түйіндеді

Жарбол Кентұлы 12 дек. 2024 21:33 1582

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қызметіне кіріскеніме 100 күн толды. Осы уақыт аралығында министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес нақты мақсаттар қойылып, соларды жүзеге асыру бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз кезегінде ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алда әлі де жоспарланған көп екенін алға тартты. Ол Ұлттық арнаның тікелей эфирінде сұхбат беріп, туризм және спорт саласы туралы кеңірек айтты.

Сұхбат барысында Мырзабосынов спорт басқармалары басшыларының жаппай ауысуын түсіндіріп те берді. Күні бүгінге дейін еліміз бойынша оннан астам өңірде спорт басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

– Мұнда объективті тәсіл бар: соңғы жылдары лицензия саны мен Олимпиада ойындарындағы медальдарға дейінгі нәтижелер айтарлықтай төмендеді. Министрлік тарапынан комиссия құрылды, оның құрамына депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен ведомство өкілдері кірді. Өңірлерге баратын мамандар үшін алғашқы критерий – адамның спорт саласынан болуы. Ол спортты басқару менеджментінің негіздерін білетін, дайындық теориясы мен әдістемесінің белгілі бір бағыттарына ие маман болуы керек, – деді Ербол Мырзабосынов.

Министр бұл критерийлерге негізделе отырып, кандидаттарды анықтап, оларды әкімдіктерге ұсынатынын атап өтті.

– Біз бәріміз мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істейміз, өңірдің даму индикаторлары дұрыс болған жағдайда мүдделер қайшылығы болмайды. Себебі біз қазірдің өзінде әр өңір үшін спорттың басым бағыттарын анықтап қойдық. Бұл спорт түрлері Олимпиада бағдарламасына, Паралимпиада бағдарламасына және ұлттық спорт түрлеріне кіреді. Мұнда ешқандай түсінбеушілік жоқ. Енді өңірлер бір-бірімен бәсекелеспейді. Әр өңірге нақты тапсырма беріледі: қандай спорт түрін дамыту қажет және республикалық деңгейде қандай нәтиже көрсетуі тиіс, – деді Мырзабосынов.

Министр атап өткендей, Олимпиадаға дейін тағайындалған 5-6 басқарма басшысы ғана қызметінде қалды. Оның айтуынша, олар әлі толық жұмыс істеп үлгермеген, бірақ олардың алдына нақты мақсатты индикаторлар қойылған.


Рекомендовать
Последние новости