Қызылордада «1000 құрақ көрпе» көрмесі ұйымдастырылды

Ақтоты Жапатова 21 мар. 2026 16:32

Қызылорда қаласында «22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне» арналған «Береке бастауы – әз Наурыз» атты мәдени-көпшілік шарада қол өнерші 30 әже «1000 құрақ көрпе» көрмесін таныстырды. Сондай-ақ, «Бей, айдай» әнін айтып, шашу шашып, қонақтарға тартуларын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Еске салсақ, 2025 жылы Алматы қаласында 660 құрақшының қатысуымен өткен халықаралық шарада жаңа жаһандық рекорд орнатылған болатын.

27 қаңтар күні Астана қаласында 69 елдің қатысуымен 660 шеберге «Әлемдік рекордтар» кітабының медалі табысталды. Сонымен қатар, жоба «Әлемдік жетістіктер арт-кітабына» енгізіліп, қазақтың құрақ өнері халықаралық деңгейде мойындалды.

Аталған бастамаға Сыр өңірінен 56 қолөнер шебері қатысып, өңірдің рухани әлеуетін әлемдік деңгейде танытуға елеулі үлес қосты.

Айта кетейік, 2023 жылы бастау алған «Аламан Құрақ» жобасы – қазақтың дәстүрлі құрақ өнерін жаңғыртып, оны әлемдік мәдени кеңістікке енгізуге бағытталған маңызды бастама.

Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық болмысты сақтау, аналар мен әйелдердің қолөнер арқылы қоғамдағы рөлін арттыру және дәстүрлі өнерді әлеуметтік-экономикалық қолдау құралына айналдыру.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove