Даңқты актер Чак Норрис өмірден өтті

Dalanews 20 мар. 2026 19:20

Америкалық даңқты актер әрі жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz

TMZ басылымының хабарлауынша, ол түнде Гавай аралдарында ауруханаға жеткізілген. Айта кетерлігі, актердің көңіл-күйі жақсы болған. Бір күн бұрын ол жаттығып, досымен сөйлесіп, әзілдескен.

Чак Норрис 1980–1990 жылдардағы аты аңызға айналған экшн фильмдердің жұлдызы. Оның ең танымал туындыларының қатарында «Айдаһар жолы», «Жалғыз қасқыр Маккуэйд», «Дельта жасағы» және «Крутой Уокер: Техас әділеті» телехикаясы бар.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove