Ақтауда отбасылық құндылықтар туралы мультсериал түсіруге 20 млн теңге бөлінбек

Көркем Алдабергенова 20 мар. 2026 17:19

Ақтауда отбасылық құндылықтарды насихаттайтын мультсериал түсіру жоспарланып отыр. Жобаға 20 млн теңге қарастырылған. Байқаудың техникалық тапсырмасында жасанды интеллектіні міндетті түрде қолдану талабы көрсетілген. Конкурсқа қатысуға ниеттілер де аз емес, деп хабарлайды Dalanews.kz Protenge.kz-ке сілтеме жасап. 

Мультсериалдың сюжеті ата мен немеренің қарым-қатынасына құрылады. Техникалық сипаттамада бұл желі арқылы кіші және аға буын арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер ұлттық тәрбие негіздерін бұзбай ашылуы керек екені жазылған.

Жоба жалпы 15 сериядан тұрады. Әр бөлімнің ұзақтығы 3 пен 5 минут аралығында болады.

Мультсериалды телеарналардан және медиатұлғалардың әлеуметтік желідегі парақшаларында көрсету жоспарланған. Ал негізгі аудиториясы 13 жасқа дейінгі балалар болмақ.

 
 

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove